Қазақстанға құс етін жеткізетін үш кәсіпорынның өнімі жарамсыз болып шықты

Қазіргі уақытта сауда нысандарынан қауіпті өнімді алып тастау, сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Ресей және Беларусь кәсіпорындары тамақ өнімдерінде гигиеналық нормативтер мен техникалық регламент талаптарының бұзылғанын анықтады.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде мына кәсіпорындардың Қазақстанға жеткізетін тамақ өнімдерінің сынамаларында гигиеналық нормативтер мен техникалық регламент талаптарының бұзылғанын анықтады:

1) «Магнитогорский птицеводческий комплекс «Бройлерное производство» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) — сорпа жиынтығының сынамаларында сальмонелла (Salmonella С тобы) текті бактериялар анықталды (балапан-бройлер етінен жасалған жартылай фабрикаттар);

2) «Смолевичи Бройлер» ААҚ (Беларусь Республикасы) — балапан-бройлер «Микс» құс етінен жасалған жартылай фабрикат сынамаларында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес емес: филе, сан, қанаты;

3) «СПК Курников» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) — «Натуральный» құс етінен жасалған туралған ет сынамаларының микробиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес еместігі анықталған.

Қазіргі уақытта сауда нысандарынан қауіпті өнімді алып тастау, сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданып жатыр.

«Бұл ретте комитет заңбұзушылықтардың туындау себептеріні анықтауға бағытталған бірқатар эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді. Дүкен сөрелерінен талапқа сай келмейтін өнімдер анықталса, жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04 нөмірі бойынша комитетке және оның аумақтықдепартаменттеріне жүгінуге болады», — делінген хабарламада.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *