Астана тұрғыны косметикалық процедурадан соң бетін күйдіріп алды

Астана қаласының тұрғыны Жадыра Божаева есімді қыз сол жағалаудағы беделді деген жеке медициналық орталықтардың бірі — «Плаза медициналық орталығына» барып сәндік процедураларды өткізбек болады.

Алайда кезекті қабылдаудан соң оның беті ашып, қызарып шыға келеді. Дәрігерлер оның беті терісінің күйік шалғанын растаған. Мед. орталықтың қызметкерлері болса кешірім сұрамақ түгілі, жауап беруден де үзілді кесілді бас тартады. Бойжеткенге қоқан-лоқы көрсетуден бөлек «қайда барсаң онда бар» — деп шығарып салады. Әділдік іздеп шарқ ұрған тұрғын біздің редакциядан араша сұраған болатын. Қазіргі таңда журналистер мәселенің мән-жайын анықтауда.

Жалпы косметикалық қызмет көрсету құны 334 818 теңге құраған. Оның өзі несие ретінде берілген. Демек, Жадыра ханым ауру тауып алғанымен қоса, әле бірнеше ай несие төлеуге міндетті болып шықты.

Еске сала кетейік, осындан бір апта бұрын Астанадағы дәл осындай жеке мед. орталықтық лицензиясыз жұмыс істегені мәлім болған еді. Видео:

 

Тілші: Н.Алданов


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *