Бір түнде 5 баласынан айырылған жас отбасы өзіне келе алар емес

Бүгін түнде Астана қаласының Көктал-1 мөлтек ауданында жер үйлердің бірінде алапарт өрт орын алды.

Қайғылы жағдай Сарыарқа ауданының Шыңғыстау көшесінде болған. Өрт түнгі 2 шамасында 30 шаршы метр үйде басталған, оқиға орынан келген өрт сөндірушілер өртті жарты сағатта өшірген.

Өрт сөдіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы балалардың денесі табылған. Жұмыста болған ата-анасы үйлеріне келгенде абдырап қалған. Әзірге оларды туыстары алып кетті. Әзірге белгілісі отағасы 1987 жылғы жігіт.

Белгілі болғандай, қала әкімі Бақыт Сұлтанов аталған отбасыға барлық көмекті ұйымдастыруда тапсырған. Өйткені, қайғыға батқан жанұяның марқұмдарды жерлеуге де жағдайы көрінеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *