Астанада студенттер арасында кастинг жарияланды

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы арнайы орта оқу орындарының студенттері арасынан таланттарды іздейді, — деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. А35 жобасы елордада арнайы орта білім алатын жастарға арналған. «А» әрпі атауындағы «Астана» дегенді білдіреді, ал 35 — қаладағы колледждердің саны», — деп түсіндірді жобаның кураторы, «Астана жастары» КММ ұйымдастыру бөлімінің маманы Арайлым Сапарәлиева.

Жоғары оқу орындарының студенттері үшін А14 жобасы да бар. Кастинг 16 және 17 ақпанда сағат 11:00-де «Жастар» сарайында өтеді. Барлық 35 арнаулы орта оқу орнының студенттері шақырылды. Оларды кастингте «ситуациялық кейс-тапсырмалар» күтіп тұр. «Біз командаға жетекші, дизайнерлер мен сценаристерді жинауды жоспарлап отырмыз. Ең белсенді студенттер көктемде өткізуді жоспарлап отырған А14 және А35 студенттері арасындағы сұлулық байқауы, сондай-ақ дебаттар, қала студенттерінің футбол лигасы, КВН лигасы және т.б. жобаларды жүзеге асыруға атсалысады», — деді жоба жетекшісі.

Арайлым Сапарәлиеваның айтуынша, бұл жұмыс еріктілік болады. Жобада қамтылған студенттер идеялары мен жобаларын «Астана жастары» қолдауымен іске асырмақ.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *