Астанада балалар автобуста тегін жүруі мүмкін

Көп балалы отбасы балалар автобуста тегін жүруі мүмкін. Астанада көп балалы отбасылардың балалары қоғамдық көлікте тегін жүріп тұруы мүмкін. Бұл бастаманы қалалық мәслихат депутаттары көтерген, ал әкімдік оны жүзеге асыру жолдарын қарастыруда. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлайды. Осылайша бұл бастама жүзеге асса тек көп балалы ана ғана емес оның перзенттері де Астанадағы автобустарда тегін жүруі мүмкін.

Дегенмен бұл мәселеге қатысты нақты шешім жоқ. Ал басқа азаматтарға қоғамдық көлікте қатынау тарифі өзгеруі мүмкін. Себебі Астана әкімдігіне қарасты жолаушылар тасымалына жауапты «Astana LRT» компаниясы күндік, апталық,айлық, 3 айлық тарифтер пакетін енгізу ұсынысын әзірлеуде. Ол бойынша тіпті жолаушы нөмірі аз кезде (мысалы күндізгі уақыт) жүретіндерге арзандау тариф бекіту ұсынылған. Бұл мәселелердің барлығы қазір компанияның ішкі «асханасында» талқылануда. Ұсыныс пісіп жетілген соң, әкімдік наурыз айының соңына дейін қалада қоғамдық тыңдалым өткізіп, бұл жоспарларын жарияламақшы.

Тілші Мадина Нұрлан


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *