Индонезияда табиғи апаттан 63 адам қаза тапты

Индонезияда толассыз жауған жауынның соңы су тасқынына ұласып, табиғи апаттан 63 адам қаза тапты. Із-түссіз жоғалып кеткен жүздеген кісі әлі іздестіріліп жатыр. 120-дан астам жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп, уақытша баспаналарға орналастырылған. Сұмдық оқиға елдің шығысында орналасқан Папуа провинциясында сенбі күні түнде болған.

Сентани аймақтық әуежайының маңындағы тоғыз үй мен екі көпір қирап, жолаушылар ұшағы зақымданған. Тас жолдарды су шайып, лай көшкіні жүрді. Табиғи апаттарды алдын алу ұлттық агенттіктің айтуынша, ел билігі провинциядағы су тасқыны қаупін ескерткен. Айта кетейік, еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, су тасқынынан құрбан болған және зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *