1991 жылдан бері бес рет президент сайлауын өткіздік

Сонымен, тағы бір саяси науқан келе жатыр. Президент сайлауы! Жалпы бұл бізге таңсық емес. 1991 жылдан бері бес рет президент сайлауын өткіздік. Әр жылдары мемлекет басқарудан үміттенген кандидаттар Нұрсұлтан Назарбаевтан асып дауыс жинай алмады. Президент бола алмаса да сайлаудан кейін депутаттыққа жараған үміткерлер бар. Ерекше қырларымен ел есінде кандидаттар жайлы Артур Мағзомовтың сюжеті.

Ең бірінші сайлау елімізде 1991 жылдың 1 желтоқсанында өтті. Жалпыхалықтық сайлауда 98 пайыз дауыс жинап Қазақ КСР Орталық партия комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев президент болды. Одан соң ел есінде қалған саяси науқан 1999 жылдың қаңтарында ұйымдастырылды. Осы жылғы сайлауда президенттіктен үміттеніп бірқатар саяси фигуралар шықты.

1999 жылғы сайлаудан кейін Ғани Қасымов өзінің харизмасымен танымалдығы арта түсті.

Мен өте бақыттымын. Менің тағдырымда осындай эпизодтар, өмірдің кейбір сәттері ұмытылмастай болды

Ал 2005, 2011 жылғы сайлау кезінде Ерасыл Әбілқасымов, Жамбыл Ахметбеков деген тұлғаларды халық тани бастады. Каратист кандидат президент бола алмаса да, сайлаудан кейін мәжіліске депутат болып кетті.

«Біз совхоздың директорын, мектеп басшысын таңдап жатқан жоқпыз».

Президенттіктен үміткерлерге қойылатын талаптардың бірі мемлекеттік тілді меңгеруі. Осы сыннан талай үміткер сүрінді. Сенатор Уәлихан Қайсаровта екі рет кандидатурасын ұсынып,емтихан тапсыра алмай қазақ тілінен қате жіберді. Ана тілге шорқақ үміткерлердің бірі Мұсылмандар одағының басшысы Мұрат Телебеков.

Есесіне, Телебеков сайлау комиссиясында шой ұйымдастырып, ел есінде қалды. Соңғы рет президент сайлауы 2015 жылдың көктемінде өткізілді. Кезектен тыс болған еді. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ел басқарудан үміттеніп Әбілғазы Құсайынов пен Тұрғын Сыздықовта өз кандидатураларын ұсынды. Қазір Әібілғазы ҚҰсайыновтың қайда жүргені белгісіз, Ал Тұрғын Сыздықов Мәжілістегі жасамыс депутаттардың бірі.

Артур Мағзомов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *