Жастарға арналған Call орталық жұмыс істемейтін болып шықты

Бұл жобаны Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жүзеге асырған еді. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлайды.

Бейнесюжет авторы бірнеше күн бойы аталған тегін байланыс  орталығына  хабарласа алмаған. Сонымен қатар, елорда жастарының басты сайты болып есептелетін- astanazhastary. kz  сайты да бірнеше айдан бері  ашылмай тұр.  Тілші жағдайды көзбен көру үшін «Астана жастары» КММ арнайы барып, Call орталықтың операторлардың бірімен тілдескен. Оператор 20 19 Call орталығы жұмыс істемей тұрғанын мойындады және оның басты себебі ретінде Казахтелекомнан келетін интернеттің  нашарлығын айтқан. Сондай-ақ, орталық операторының сөзінше қазір  20 19 Call орталығын жабу немесе оны қалалық 109 бірыңғай  байланыс  орталығымен біріктіру жолдары қарастырылуда.  Нұр-Сұлтандық жастардың басты интернет ресурсы astanazhastary. kz  сайтында да осыған ұқсас жағдай.  Интернет ресурс бірнеше айдан бері ашылмай тұр. Әкімдікке қарасты  «Астана жастары» КММ талдау бөлімінің басшысы Әйгерім Жұмағазықызының айтуынша қазір бұл сайтта жөндеу жұмыстары жүруде. Себебі оны ресми форматтан, жастарға арналған мультимедиалық форматқа ауыстыру жұмыстары қолға алынған.  Бейнесюжетте автор жастар жылының жартысына жуығы өтіп кеткенін айтып, аталған қызметтер тезірек іске қосылып, жастар игілігіне жараса деген үміт білдірген.

Айта кету керек, 20 19 тегін байланыс орталығы жастар жылы аясында іске қосылды. Ол  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  жастар саясатын дамыту жол картасындағы  90 жобаның біреуі.  Жоба туралы  жыл басында халықпен есептік кездесуінде қала әкімі Бахыт Сұлтанов айтқан.  Әкімнің сөзінше орталық жастарға жан-жақты құқықтық ақыл-кеңес пен жастардың жұмысқа орналасуы, жеке кәсіп ашу, баспана алу және білім беру мәселелері бойынша сұрақтарға жауап береді.  Call орталықты іске қосу  үшін мемлекеттік сатып алу өткен жылдың қазан айында жарияланды және оның құны 8 миллион теңгенің төңірегінде.  Бұл қаржыға  тиісті техника мен байланыс орталықтарына қажетті компьютерлік бағдарлама тағы басқа заттар сатып алынған.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *