Мирзиёевтың Қаулысы Қазақстанның экономикасына зиян келтіруде

Мирзиёевтың билікке келуімен елі халықаралық аренада белсенділік таныта бастады. Жеңіл өнеркәсіпті қалпына келтіре аламай жатып осы күнге дейін Қытай тауарының нөпірінен сақтанып келсек, ендігі жерде Өзбекстан мен Қырғызстан бізден оқ бойы озып барады. Отандық өндірушілер бұған қатты аладңаушылық білдіруде. Бізге осы саланың жарқын өкілі, «Dalatex» ЖШС директоры Ділмұхамед Мнуарбекұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.

— Бүгінгі күн тәртібінде қандай өзекті мәселелер тұр? 

Киім өндірісі саласында үш жылдан бері істеп жүрмін. Өкінішке қарай баж салығын ендірмейінше немесе одан отандық өндірушылерді босатпайынша Қазақстанда тоқыма өндірісін дамыту тиімсіз екеніне көз жеткізіп келемін. Өйткені біз Өзбекстан өндірушілерімен тең жағдайда емеспіз. Өкінішке қарай мемлекеттің біздің салаға көмегі өте аз. Көмек Самұрық-Қазынаның тендерлері арқылы жасалғанымен, көбінесе оларды сырттың адамдары немесе өнімнің бір бөлігін ғана Қазақстанда өндіріп, өзгесін көрші республикалардан сатып алатын кәсіпорындар ұтып алады. Ал мемлекеттік сатып алу саласында одан да үлкен проблемалар бар.  Тендерлердің 90 пайызы мүгедектер ұйымдарының арасында жүргізіледі, көпшілігі өнім өндірмейді, олар да көрші елдерден сатып алады.

— Қабылданған бағдарламалар жұмыс істемей ме?

Мемлекет көмек бергісі келеді, бірақ ол көмекті санаулы кәсіпорындар ғана алады. Нәтижесінде мемлекет көмегі санаулыларға ғана жетуімен біз ел экономикасының тұтастай секторына орасан зор зиян келтірудеміз.

— Көрші елде өндіру неліктен иімді? 

Қазақстанмен салыстырғанда Өзбекстанда экономика да, кедендік саясат та тәуелсіз. Енді осы саясаттың артықшылығына тоқталайық.

  • Өзбекстанда сырттан мата кіргізу кезінде баж салығы алынбайды. Құрамындағы мақта талшықтары 85 мас.% және жоғарғы жақ тағыздығы 200 г/ш. М мақта-мата өнімдерін, сондай-ақ құрамындағы мақта талшықтары 85 мас.%, негізінен немесе толықтай химиялық талшықтармен араластырылған, жоғарғы жақ тағыздығы 200 г/ш. м мақта-мата өнімдерін алып кіруде Өзбектанда баж салығы 0% және қосымша құн салығы 1%, ал Қазақстанда мұның орташа мөлшерлемесі 15% баж салығы және 12% қосымша құн салығы.
  • Өзбекстанда көпбағытты 17 еркін экономикалық аймақ жұмыс істейді, яғни тоқыма өнімдерін еркін экономикалық аймақтарының көпшілігінде өндіруге болады. Ал Қазақстандағы 8 еркін экономикалық аймағы тар шеңберлі мамандандырылған және жеңілдіктер төмен дәрежеде қарастырылған. Ал тоқыма өндірісін шектеуге болатын еркін экономикалық аймақ біреу ғана. Тағы бір маңызды жайт, оңтүстік көршіміздің еркін экономикалық аймақ кәсіпкерлері инвестиция сомасына байланысты 3 жылдан 15 жылға дейін салықтың барлық түрінен босатылған. Мысал ретінде «Навои» еркін экономикалық аймағын алып қарайық. Онда қатысушылар жабдық, шикізат, материалдар мен тауарды экспортқа өндіру үшін қажетті құрамдас өнімдерді алып кіруде кедендік рәсімдеу алымынан басқа кедендік өтемдерді төлеуден еркін экономикалық аймақ өз қызметінің соңына дейін босатылған. Яғни Еуразиялық экономикалық қауымдастық аумағына экспорттау үшін өндірілетін тауарларға осындай үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Өкінішке қарай Өзбекстан еркін экономикалық аймақтарымен салыстырғанда біздің Оңтүстік еркін экономикалық аймағына жасалатын жеңілдіктер өте мардымсыз. Бұл біздің еркін экономикалық айтақтарымыздағы менеджмент проблемасын көрсетеді.
  • Сөйтіп, өзбек өндірушілері салықтық және кедендік жеңілдіктерді алып, енгізген шикізаттан тауар өндіріп, өнімін Қазақстанға Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мүшелерімен тең жағдайда жөнелтеді (тек қосымша құн салығын төлеп, кедендік декларацияны 0% мөлшерлемесінде рәсімдеп). Айта кетерлігі, Еуразиялық экономикалық қауымдастық аумағына экспорттаған жағдайда біз қосымша құн салығын төлейміз, бірақ салық есебін тапсыру жолымен.

 

— Бизнесті қолдауға бөлінген 600 млрд теңге көмектесе ме?

Мен өз саламның проблемаларын ғана айттым. Ұн өндірушілердегі, көлік саласындағы мұндай проблемалар да маған белгілі. Менде мемлекет қашан өз өндірушілерін қорғайды деген сауал туындайды. Бүгінде қарапайым нәрселерді өндіру үшін жеңілдетілген несие бағдарламалары жасалған. Бірақ бұл көмек құмға сіңген судай болып жоғала ма деп қорқамын. Себебі біздің кәсіпорындарымызбен салыстырғанда өте жеңілдік жағдайындағы Өзбекстан өндірушілерімен бәсекелесе алмаймыз.

Тілші Алданов Н. С.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *