«ҚазАгро» Холдингі барлық сыртқы қарызын жапты

«ҚазАгро» холдингі» 179,6 млн еуро көлемінде еурооблигациялар
бойынша қарыз қалдығын уақытылы өтеді. Нәтижесінде Холдинг
қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартып, ықтимал валюталық тәуекелдерден құтылды.

«Валюталық тәуекелдерге бейімділікті болдырмау «ҚазАгро»
холдингінің қаржылық тұрақтылығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Холдинг, аграрлық сектордағы мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы ретінде өзі қаржылық орнықты болуы тиіс. Бұл факторды түсінбей, мемлекет алға қойған міндеттерді табысты іске асыру мүмкін емес», — деді «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев.

Қарыздарды уақтылы өтеу Холдингтің рейтингіне оң әсер етеді. Қазіргі уақытта ҚазАгро ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Fitch Ratings шкаласы бойынша «Позитивті» болжамымен «BBB» бағасымен және Moody’s Investors Service шкаласы бойынша «Тұрақты» болжамымен «Ba1» бағасымен ұсынылған.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *