Жыл басынан бері Қазақстанда 81 адам суға кеткен

Қаза болғандар ішін балалар да аз емес. 15 бала суға құлап қайтыс болса, алты бала шомылу кезінде бақилық болған.

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, суға батқандардың 24-і балықшылар. Олар қыс-көктем мезгілдерінде арнайы құтқару құрылғыларынсыз жүрген.

«11 адам шомылуға арналмаған жерде суға түскен, оның алтауы – балалар. 15 бала суға құлап кеткен. Яғни, балалар қараусыз қалған. 2 адам басқаларды құтқару кезінде көз жұмған. Тағы 2-еуі су қоймасын кесіп өтпек болған кезде ағаттыққа ұрынған. Бұдан бөлек 27 оқыс оқиғаның себептері анықталып жатыр. Марқұмдардың денелері судан шығарылған. Өлім әр түрлі себептермен болған. Бірінде суицид, кейбірі криминал» — деп хабарлады Юрий Ильин.

Сонымен қатар, министрдің орынбасары барлық тіркелген істер бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айта кетті.  

Бүгінгі таңда ел аумағында 107 қалалық және 500 жеке шомылуға арналған орындар бекітілген. Ал шомылуға тыйым салынған жерлерде 1510 ескерту белгілері және 378 стенд ілінген.

Жеке жағажайларда кезекшілікке 114 құтқару посттары құрылған. Ал қауіпті және қорғалмайтын аумақтарда қосымша 53 мобильді жедел-құтқару жасақтары ұйымдастырылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *