Сайлау күні елорда автобустарында жүру тегін болмақ

9 маусымда, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болады.

«Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді» акциясы аясында барлық қалалық және экспресс-маршруттарда тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған. Аталмыш акция қала маңындағы маршруттарға қолданылмайды.

Автобустар стандартты қозғалыс кестесі бойынша жүреді. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі күні бойы қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қарастырған.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *