Қарағандыда Қосановтың қолдаушысын атып кетті

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ғалы Бақтыбаевты атып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қарағандылық белсенді Айсұлтан Жақыпов facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, Ғалы Әділұлы Бақтыбаев жемқорлықпен күресіп жүрген белсенді азамат. Соңғы уақытта ол  9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына «Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосановтың жарнамаларын іліп, белсенді жұмыс атқарып жүрген.

«Жаңаарқада Ғалы деген кісі бар еді. Жемқорлықпен күресетін, сотқа дейін баратын адамтын. Қосанов ағамыздың жарнамаларын іліп, жақсы жұмыс істеп жүрген. Сол кісіні түнде атып кетіпті.
Жемқорлар тықыр таянғанын сезіне бастады ма? Марқұмның толық аты-жөні Бақтыбаев Ғалы Әдіұлы. Иманды болыңыз Ғалы аға! Қаныңыз босқа төгілмейді. Уәде берем!», — деді Айсұлтан Жақыпов.

Бұл оқиғаға байланысты құзырлы органдар әлі нақты мәлімет бермеді.

Қарағандыда Қосановтың қолдаушысын атып кетті: 1 комментарий

  • 29.05.2019 в 00:10
    Permalink

    Құдай жазасын берсін сұмырайлардың, қан жібермейді …Не деген зұлымдық!!! Онысынан не шығады екен, ақымақтық!!! Хайуандық!!!

    Ответ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *