Берік Уәли президент телерадиокешені директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

«ҚР Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли сайланды. Бұл туралы ТРК ресми хабарламасында айтылған деп хабарлайды smartnews.kz

Еңбек жолын «Таң» телекомпаниясы ақпараттық бағдарламасының корреспонденті болып бастады, «НТК» телеарнасының шығарушы редакторы, «31-ші арнада» жауапты және бас редактор, «Хабар» агенттігінің ақпараттық бағдарламаларының редакторы-жетекші, «Qazaqstan» телеарнасының «1-студия» ток-шоуының жүргізушісі, «Нұр Медиа»сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болып жұмыс істеді. Баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Медиа» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, Министрдің кеңесшісі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *