Автокөлікті сақтандыру қаншалықты тиімді?

Қазақстанның сақтандыру нарығында 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында, ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, автокөлік иелерін міндетті сақтандыру  сыйлықақылары мен төлемдердің кезекті өсуін көрсетті.  17 қазақстандық сақтандырушы компания 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 36,4 млрд теңге жинап, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға ұлғайтты.

Осыған ұқсас жағдай сақтандыру төлемдері саласында да байқалады. Онда бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша автокөлік иелеріне төленетін төлемдер 19,3%-ға, яғни 2,3 млрд теңгеге артып, шамамен 14,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңінде 12,1 млрд теңге болды.

Көлікті сақтандырудың құны қанша?                      

Егер көлігіңізді сақтандырғыңыз келсе, сізге сақтандыру полисін сатып алу керек. Оның құны автомобильдің шыққан жылына, оны пайдалану мерзіміне, жүргізушінің жүргізу еңбек өтіліне, жасына және жол апатын жасау тарихына байланысты, көбіне көліктің нарықтағы бағасына сәйкес жүзеге асады. Қазақстандық көлікті сақтандыру құны барлық команияларда бірдей.

Әрбір зардап шеккен тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін – 500-ден 1000 АЕК-ке дейін (1АЕК – 2405 теңге).

Зардап шеккен бір адамға, көлік құралына, мүлікке келтірілген зиян мөлшерінде, алайда 600 АЕК-тен аспайды.

Егер көлігін сақтандырған адам жол-көлік оқиғасына ұшыраса, апаттық комиссарлар дер кезінде жетіп, МАИ қызметкерлерінің де, клиенттің де құжаттарын суретке түсіріп алады. Сақтанушы әкімшілік сотқа тікелей жүгінбейді. Комиссарлар барлық құжатты алып, сотқа өздері жинайды. Келтірілген шығынды жол апатынан кейін он күн ішінде ала алады. МАИ қызметкерлерін шақырмай-ақ мәселені шешуге болады. Ол үшін келісім-шартқа қол қойған кезде, осы түрін таңдауы керек. Адам өлімі, зардап шеккен жандар болмаса ғана жүзеге асады.

Көлікті сақтандыруда қандай компанияға сенім артуға болады?

Азаматтар және заңды тұлғалар өз өмірін немесе мүлкін, үшінші тұлғалар алдындағы өзінің жауапкершілігін тек Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы бар қазақстандық сақтандыру ұйымдарында ғана сақтандыра алады. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР заңында сақтандыру компанияларының желілік маркетинг форматындағы қызметі көзделмеген. Алданып қалмас үшін бірнеше маңызды шарттарға назар аударып, ақшаңызды салғалы жатқан мекемені тереңірек зерттеу керек.

Сақтандыру сыйлықақыларын реттеуші статистикасына сәйкес, 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша үш сақтандыру компаниясы «Евразия» СК – 7,8 млрд теңге, «Халық» СК – 6 млрд теңге, «НОМАД Иншуранс» СК – 5,3 млрд теңге болды. Олар 19,2 млрд теңге жинады, бұл ретте осы компаниялардың сыйақылары барлық сақтандыру компанияларының жиынтық төлем көлемінің 52,6%-ын құрады.

Сақтандыру төлемдеріне келер болсақ, алғашқы үштікке келесі компаниялар кірді: «Еуразия» СК — 3,1 млрд теңге, «Халық» сақтандыру компаниясы – 1,7 млрд теңге, «Коммеск-Өмір» СК – 1,5 млрд теңге, осы компаниялардың төлемдері барлық сақтандырушылардың жиынтық төлем көлемінің 44,6%-ын құрады.     Сақтандыру компанияларының саны азайып, бірігу арқылы іріленіп жатыр. Жалпы сақтандырумен шұғылданатын «Казахинстрах»(Halyk bank) пен «Казкоммерц-Полис» (Казком) бірікті. «Халық-life»-пен «Казком-Life» біріккені белгілі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *