3 жасар баланы өлтірген күдікті ұсталды

Қарағандыда ұрланған баланы өлтірді деген күдікті ұсталды. Ер адам вокзалдың маңында ұсталған, деп хабарлайды smartnews.kz тілшісі.

9 қыркүйекке қараған түнде Қарағанды вокзалының алдындағы алаңда полиция кішкентай баланы өлтірді деген күдікке іліккен Игентай Кәрімұлы Сопыжановты ұстады. «Сопыжанов  баланы ұрлап, артынша өлтіргенін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Күдіктінің айыбын дәлелдеу үшін тергеу амалдары жүріп жатыр», — деді Қарағанды облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин.

Еске салайық, 5 қыркүйекте Шет ауданының полиция бөліміне Бұрма ауылының 22 жастағы тұрғынынан суыт хабар түсті. Келіншектің айтуынша, ауылдағы дүкеннің алдында танысы оның қолындағы кішкентай баласын күшпен тартып алып, зытып отырған. Алдын ала деректер бойынша, ер адам келіншекті ашына болуға көндірмек болған. Сонысына көнбегендіктен, келіншекке өшігіп, баласын ұрлап кеткен. 8 қыркүйек күні 10:00 шамасында Қарағанды облысының Шет ауданында, Бұрма ауылының шетінде полиция қызметкерлері 3 жасар баланың денесін тапты. Қазір сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының басшылығы шұғыл түрде республика бойынша күдіктіге іздеу салды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру»), 2-бөлігімен тіркелді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *