Дональд Трамп «Талибан» жетекшілерімен келіссөзді тоқтатты

Кабулдағы терактіден соң АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстан президенті және талиптермен кездесуден бас тартты. 8 қыркүйекке жоспарланған кездесу Вашингтон маңындағы Трамптың «Кэмп-Дэвид» резиденциясында өтуі тиіс деп жоспарланған-ды.

Кабулдағы шабуылды «Талибан» террористік ұйымы мойнына алды. Осы аптада Ауғанстан астанасында болған жарылыстан 12 адам қаза тапқан. Олардың арасында бір америкалық сарбаз бар.

Трамптың сөзінше, жоспарланған кездесу жайлы ешкім білмеген. «Талибан» жетекшілері мен Ауғанстан президенті «Кэмп-Дэвид» резиденциясына шақырылған. Трамп терактіден соң қозғалыс өкілдерімен келіссөзді тоқтатқанын хабарлады. CNN телеарнасының әскери сарапшысы Джон Кербидің пікірінше, АҚШ президентімен кездесу «Талибанға» қызметін заңдастыруға көмектесетідігін мәлімдеген. Сарапшы бұл оқиға сонымен бірге ауған үкіметінің легитимдігіне нұқсан келтіреді деп болжаған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *