Қазақстандағы сапа стандарты қайта сараланбақ

Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер. Халықаралық стандарттар маңызды нормативті актілер болып табылады, себебі олар халықаралық саудада кедергілерді жойып, өнім мен қызмет көрсетулердің қазіргі заманғы техникалық деңгейін орнатады. Қазақстанда тауарлардың сапа стандарты қайта қаралады.  Бұл жайында бүгін ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz тілшісі.

«Экономиканың халықаралық трансформациялануы жағдайында ішкі сауда саласы да айтарлықтай өзгерісті талап етеді. Бұл ретте бізге өнімдеріміздің бәсекеге қабілеттілігі мәселесіне назар аударғанымыз жөн. Осы орайдағы жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы аясындағы тапсырмаларын жүзеге асыру үшін жүргізіледі. Онда нарықта сапалы, бәсекеге қабілетті, ең бастысы қауіпсіз отандық өнімдерді молайту туралы нақты айтылған», — деді министр  ведомствоның Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған алқа отырысында.

Ол тауар сәйкестігінің сапа стандарты да қайта қаралатындығын атап өтті. «Бүгінгі күні аталған стандарттар тізілімін толықтыру үшін халықаралық стандарттар пулын әзірледік. Қазіргі уақытта біз оларды өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан қайта қарастыруымыз қажет. Бұл ретте сауда-тарату орталықтары желісін құру сынды жаңа бағыттар болады», — деді Бақыт Сұлтанов.

Мемлекеттік стандарттың міндетті талаптары меншік нысандары мен идаралық бағыныстылығына қарамастан барлық кәсіпорындарға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтарға да қойылады. Халықаралық стандарт халықаралық ұйым қабылдаған және белгілі бір саладағы негізгі талаптарды, нормалар мен ережелерді белгілейтін нормативтік құжат болып табылады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *