Қазақстанда балалар депозитіне сұраныс артқан

Мектеп маусымы басталғалы бері, елімізде балалар депозитіне сұраныс артқан. 164 817 ата-ана Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 10,7 млн теңге жинаған. Ал, осыдан бір жыл бұрын банктегі балалар депозитінің саны 144 682 еді. Негізінен, депозиттер 1 жастан 10 жасқа дейінгі сәбилерге ашылған. Қазіргі сәтте осы жас аралығындағы балалардың атында 88 761 депозит бар.

Екінші орында тұрғандар – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 10 жастан 18 жасқа дейінгі салымшылары. Оларға ашылған жалпы депозит саны – 65 480. Ал, үшінші кезекте — банктің ең кішкентай клиенттері, яғни, 1 жасқа дейінгі сәбилер. Олардың атына бүгінде 10 576 депозит ашылған.Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 13%. Атына депозит ашылған балалар 18 жасқа толғанда жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй займын несиеге алу мүмкіндігіне ие бола алады.

«Жыл сайын мұндай депозиттер күзде, балалар мектепке барғанда кезде ең жиі ашылады. Дәл осы уақытта ата-аналар ұл-қыздарының өсіп келе жатқанын түсіне отырып, олардың болашағына қаржылай көмек көрсетуді қолға алады. Ай сайын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитке аз-аздан ақша салып отырады. Отбасылық бюджетке бұл аса қатты әсер ете қоймайды, есесіне кейін балаға баспана алып беру мүмкіндігі пайда болады. Мен 6 жастағы баласының шотында 10,3 млн теңгенің басын құраған және ары қарай ақша жинап жатқан ата-ананы білемін. Банк те депозиттегі сомаға жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысын және банк сыйақысын аударып, тиімді қолдауын көрсетіп отыр. Осы екі бонусты қосқанда, салым бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 13,3%-ға дейін барады», — деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

18 жасқа толған барлық банк салымшылары тағы бір тиімді ұсынысқа қол жеткізеді, атап айтқанда жылдық мөлшерлемесі 3,5-5% аралығындағы тұрғын үй займынан үміткер бола алады. Депозитті баланың атына кез келген жерде, кез келген уақытта ашуға болады. Ол үшін банк кеңесшісін шақыру мүмкіндігі қарастырылған. Депозит ашу үшін ата-ананың бірінің жеке куәлігі мен баланың туу туралы куәлігі қажет.14 жасқа дейін баланың атына депозитті ата-ана ресімдейді. 14 жастан бастап шотты баланың өзі ашады, тек әкесінің немесе анасының келісімі қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *