«Арланның» бапкері Владимир Оленченко ойыннан қуылды

Жексенбі күні «Қарағанды Арена» мұз айдынында хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы алғашқы Қазақстан кубогының финалы болды, деп хабарлайды, smartnews.kz тілшісі «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Кубоктың алғашқы иегері атану үшін «Ақтөбе» мен Көкшетаудың «Арланы» ымырасыз күрес жүргізді. Шын мәнінде ымырасыз. Ойын басынан аяғына шейін аса тартысты болды, албырт жастар беріспей сайысуды қойып, кейде қарсыласқа аяусыздық та танытып жүрді, енді бірде төбелестен де аянып қалған жоқ. Жалпы, кездесуде ойыншылар 28 мәрте алаңнан қуылып, белгіленген айып уақыты 143 минутқа жетті. Хоккейді мұз үстіндегі жекпе-жекке айналдырған екі хоккейшімен қоса, «Арланның» бапкері Владимир Оленченко да ойыннан қуылды. Маманның спортқа тән емес әрекеттері, төрешілерді балағаттауы, «Ақтөбе» ойыншыларына қарай бөтелке лақтыруы осындай қатаң жазаға әкеп соқтырды.


                    Ойында «Ақтөбе» 6:3 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан «Jastar» Кубогының тұңғыш жеңімпазы атанды. Ақтөбелік жастар бұған дейін Қазақстанның Жастар лигасын да жеңіп алған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *