Путиннің партиясы сайлауда бірнеше мандатынан айырылды

Мәскеу қалалық дума сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша, Ресей президенті Владимир Путиннің «Единая Россия» партиясы бірнеше мандатынан айырылып қалды.

8 қыркүйекте Ресейдің 85 өңірінде түрлі деңгейдегі сайлау өтті. 16 өңірде — губернаторларды, ондаған өңірде — заң шығару жиналысы депутаттарын, жүздеген қалада муниципалдық сайлау өтті. Бірақ көптің назары Мәскеу қалалық думасының сайлауында болды. Сайлау комиссиясының тәуелсіз саясаткерлерді кандидат ретінде тіркемей қоюы соңғы жылдардағы ең ауқымды наразылық акцияларына ұласқан. «Единая Россия» партиясының кандидаттарына, 9 қыркүйекте жарияланған алдын ала қорытынды бойынша, Мәскеу думасындағы 45 орынның 25-і тиген. Бұл Путин партиясына мүше кандидаттар бірден 28 орын алып, «Единая Россия» қолдаған үміткерлерге 10 орын тиген 2014 жылмен салыстырғанда аз.

Бес жыл бұрынғы дума сайлауында 5 мандат алған Коммунистік партия бұл жолы 13 орынды иемденбек. Оппозициялық «Яблоко» партиясы үш орын алып, партия қолдаған кандидат та жеңіске жетті. «Справедливая Россия» партиясы да, алдын ала қорытынды бойынша, үш орын алған. Бұл үш партия өздерін оппозициялық бағыттағы саяси топ деп атағанымен, Кремльдің түрлі ұсыныстарына жиі қолдау білдіріп жатады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *