Қазақстанда қолма- қол ақшасыз төлемдер артып келеді

Елімізде соңғы жылдары банктік карталармен төлем жасау кең етек жайды. 2019 жылдың бірінші жартысында Қазақстан аумағында қолданылатын банктік төлем карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 1005,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2,4 есеге және мамыр айымен салыстырғанда 8,4%-ға көп.

ҚР аумағындағы банктік карталар бойынша Алматы қаласының төлемдік үлесі өзгеріссіз қалып, 70%-ды құрады. Бұл ретте қазақстандық туристердің карталары қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге, 1 020,0 млрд теңгеге дейін өсті.

Карталар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көрсеткіші маусым айында 70%-ға дейін ұлғайып, кезекті рекордтық көрсеткішке жетті. Сонымен қатар, операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем және банкоматтардан шығару) маусым айында 41%-ға дейін өсті.

Өңірлер бойынша қолма- қол ақшасыз төлем  жасаудан Алматы қаласы көш бастап тұр. Бір ғана Алматы қаласының өзінде шілде айында банктік картамен  52,0 млрд теңгеге сауда жасалынған. Қолма- қол ақшаны керек етпейтін қалалар тізімінде Нұр- Сұлтан мен Атырау қалалары екінші орында. Қазіргі таңда, Алматы не Нұр- Сұлтан қаласында қолма-қол ақшасыз өмір сүруге болады. Ол үшін бұл қалаларда барлық жағдай жасалған. Десе де, кейбір қызмет орындары мен сауда орталықтарында терминал жоқ. Сондықтан күндік жоспарды алдын ала жасап алған абзал. Ал қалған аймақтарда қолма- қол ақшамен төлеу дәстүрі әлі сақталып отыр. Карталарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша «орташа чек» маусым айында 11 011 теңгеге дейін өсті. Ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден 4,3 есе асып, 46 584 теңгені құрады.

Сонымен қатар, ҚР аумағында пайдаланылған карталар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің 68%-ы (682,3 млрд теңге) интернетте төлеуге, ал 31%-ы POS-терминалдар арқылы төлеуге (308,2 млрд теңге) тиесілі. Бұл ретте соңғы 12 айда Қазақстанда карталар бойынша транзакциялардың жалпы көлемінде POS-терминалдардың үлесі 11%-ға төмендеді. 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша төлем карталарын шығаруды іс жүзінде 22 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды.

Қазақстан халқының қаржылық сауаты өзге елдермен салыстырғанда әлі де болса төмен. Десе де, үлкен сауда орындарының иелері касса арқылы өтетін қаржының барынша онлайн түрде болғанын қалайды. Себебі жасалатын электронды төлемдер туралы мәлімет үнемі ақпараттар қорында сақталады. Ал қолма-қол қабылданған төлемде қателік кетеді не ақша жымқыру жағдайлары болуы мүмкін. Еліміздегі электронды төлемді жүзеге асыруда сауда орындары мен бизнес орталықтарының сіңірген еңбегі орасан зор. Банк карталары арқылы немесе мобильді онлайн төлемдер әсіресе комуналдық шығындарды жабуда өте қолайлы. Қашықтықтан төлем жасау ел тұрғындарының жұмысын жеңілдетіп отырғандықтан, бұрынғыдай салықтық жалтаруларда азайған.

Америкалық S&P сараптамалық агенттігінің мәліметіне орай, қазақстандықтардың алдағы бес жылдықта қолма- қол ақшасыз төлемге бір жола ауысуы бек мүмкін. Алайда, кәрілік жеңген қариялар әлі де қолма- қол төлемнен шыға алмай отыр. Америкалық S&P сараптамалық агенттігі қазақстандықтардың 59%-ы қаржылық сауатты деп мәлімдеме жасады. Осылай банктік карталармен төлем жасау ұлғая берсе, салықтан жалтаруда болмайтын еді. Себебі, салық төленбеген жағдайда карта заңға сәйкес бұғатталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *