Әнші Бота Бейсенова 3 айда 25кг салмақтан арылған

Бүгінде көпке өнерімен танылған Бота Бейсенова небәрі үш айдың ішінде жиырма бес килограмм салмақтан арылған. Ол артық салмақтан арылып қана қоймай, өзінің білгедерімен бөлісетін диетолог маманына айналған. Әншінің әдемі мүсініне желі қолданушылары да түрлі пікірлер жазуда. Бұрын ән айтумен шектелген Бота Бейсенова, қазір күйеуі Ғанимен мерекелік кештерді бірге жүргізіп жүр. Артық салмақтан арылу құпиясын білгіміз келіп, smartnews.kz тілшісі әншінің өзіне қоңырау шалып көрді.

Оның айтуынша: «Егер артық салмақ болған жағдайда, жүректің жұмыс жасауы нашарлайды. Салдарынан түрлі аурулар бойыңызға жабысуы мүмкін. Ең алдымен артық салмақтан арылғысы келетін адам, тойып тамақтануды доғару керек. Әр екі сағат сайын тамақтанып, тәттіні менюдан алып тастаған дұрыс. Салмақ тастау барысында спортпен айналысу дұрыс шешім емес. ол аяққа күш түсіреді. Адам  күніне кем дегенде жарты сағат жаяу жүрсе, соның өзі майдың ыдырауына оң септігін тигізеді. Одан бөлек тәулігіне екі литр суды әр сағат сайын ішіп тұрса метоболизм жақсы жұмыс атқаратын болады. Мен қыздарға апта сайын моншаға түсуге кеңес беремін. Моншаға түсу арқылы май ыдырыап, бет терісінде жаңа поралар ашылады»,- дейді.

         Қарап отырсақ, әншінің салмақ тастауында ешқандай құпия жоқ сияқты. Сондықтан оқырман сұлу да сымбатты болғыңыз келсе, жоғарыдағы кеңестерге назар аударыңыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *