Елімізде көмір өндіру 3%-ға қысқарды

Қаңтар-тамыз айларында қазақстандық көмір өндірісі 3%-ға төмендеді, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. «Көмір өндіру бойынша жағдай онша емес. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында өндіруді қысқарту жалғасты. Төмендеу 3%-ды құрайды», — деді ол 10 қыркүйек күні Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және фармацевтика саласында екі таңбалы өсім байқалады, ал тұтастай алғанда тау-кен өндірісінің өсімі негізінен металл рудалары мен мұнайдың есебінен 3,1%-ды құрады.

Даленов құрылыс саласы тұрақты қарқынмен дамып келе жатқанын, қаңтар-тамыз айларында орындалған жұмыс көлемі 11,8%-ға өскенін, өнеркәсіптік нысандар, автокөлік жолдары, газ құбырларының құрылысы артқанын атап өтті. Сондай-ақ ірі зауыттарда құрылыс-монтаж жұмыстары да артты. «Ағымдағы жылдың 31 тамызына егіс алқаптарының 29,8%-ы жиналды, өнімділік гектарынан 11,5 центнерді құрады», — деді Дәленов. 8 айда сыртқы сауда айналымы 1,7%-ға, 53,8 млрд долларға дейін ұлғайды, экспорт 32,9 млрд долларды, импорт 20,9 млрд долларды құрады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *