Украина призиденті Владимир Зеленский кім?

Украина призиденті Владимир Зеленский 1978 жылы 25 қаңтарда Украина КСР (қазіргі Украина) Днепропетров облысы Кривой Рог қаласында өмірге келді. Бала күнінде төрт жыл ата-анасымен бірге Монғолияда тұрған, әкесі бұл елде 20 жыл еңбек етіпті. Зеленскийдің айтуынша, әкесі кен байытушы комбинат құрылысында істеген. Зеленский Кривой Рог экономикалық институтының заң факультетін бітірген.

1996 жылдан бастап Зеленский Ресейдегі КВН шоуына қатысады. Бастапқыда «Запорожье — Кривой Рог — Транзит» командасындағы би нөмірлерін қоюшы болып, кейін команданың мүшесі атанды. Ал 1997 жылы команда құрамында Жоғарғы лигада чемпиондық титулды жеңіп алған.

Зеленский 15-тен астам фильмге түскен, атап айтқанда «Любовь в большом городе» (2009), «Любовь в большом городе 2» (2010), «Служебный роман», «Наше время» (2011), «8 первых свиданий» (2012), «8 новых свиданий» (2014) және тағы басқалары.

2015 жылдан бастап Владимир Зеленский «Слуга народа» (Халық қызметшісі) украин телехикаясының продюсері болып келеді. Сонымен қатар ол басты рөлді сомдаған – мектептегі тарих пәнінің мұғалімі Голобородько. Телехикаяда мұғалім Украинаның президенті болып сайланады.

Владимир Зеленский үйленген, екі баласы бар. Әйелі — Елена Владимировна Зеленская (қыз кезіндегі фамилиясы — Кияшко), 1978 жылы Кривой Рог қаласында туған, болашақ жарымен бір мектепте оқыпты. Олар 2003 жылы отау құрды. Ерлі-зайыптының Александра есімді қызы және Кирилл есімді ұлы бар.


Украина призиденті Владимир Зеленский кім?: 1 комментарий

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *