Талғат Рахманберді: Нұр-Сұлтан жастары жалдамалы пәтерлерге құжат өткізуді қараша айынан бастайды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының басшысы Талғат Рахманберді елорда жастарына жалдамалы пәтер қашаннан бастап берілетінін жариялады, деп хабарлайды Smartnews.kz тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында 14-29 жас аралығында 245 мыңнан астам азамат бар. Осы бағдарламаға сәйкес, жыл соңына дейін 1050 пәтер беру қарастырылған. Дәл қазіргі уақытта осы пәтерлердің тиісті конкурстық құжаттары дайындалып жатыр. Біз жоспар бойынша қараша айынан бастап бағдарламаға құжат қабылдаймыз. Ол үшін ешқайда барып, ешқандай кезекке тұрудың қажеті жоқ. Құжаттарды қабылдау «Смарт-Астана» алаңында толығымен электронды түрде өтеді. Ол туралы біз уақыты жақындағанда тағы да хабардар етеміз», — деді Талғат Рахманберді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек, былтыр Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын мәлім еткен болатын.                Ал былтыр күзде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сол тұстағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек (қазір — Премьер-министрдің орынбасары) Астана, Алматы, Шымкент жұмысшы жастарына 1 мың пәтер салу мамырда басталатынын хабарлаған еді.  Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасына қалай қатысуға болатынын бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтып берді. 

Талғат Рахманберді: Нұр-Сұлтан жастары жалдамалы пәтерлерге құжат өткізуді қараша айынан бастайды: 1 комментарий

  • 10.09.2019 в 16:32
    Permalink

    Көп күттік қой сол үйді

    Ответ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *