Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы сапарында баяндамасын қазақша оқыды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда баяндамаларының барлығын қазақша жасап жатыр. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. 


«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі баяндамасын және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады»,-деп жазды баспасөз хатшысы.  


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *