Nokia маркасы Қазақстанға 500 миллион долларға жуық қаржы салады

Қазақстанда 5G жоғары жылдамдықты желісін енгізу бойынша шетелдік жоба бар. Бұл туралы Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Инвестор Финляндия тарапынан, Nokia компаниясы болады деп болжануда. Жобаның құны шамамен 500 млн доллар. 5G — бұл жасанды интеллекттің маңызды элементі. Өздеріңіз білесіздер, хирургтер операциясын тек жоғары жылдамдықты интернет жағдайында ғана қашықтықтан өткізе алады», — деді Дәленов.

Сондай-ақ, Павлодар облысында техникалық кремний өндірісі бойынша жоба әзірленуде. Жобаның құны 130 миллион доллар, БАӘ инвесторлары қатысады. Түркістан облысында Польшаның 26 млн долларға жылыжай кешенін салу жобасы, Ақмола облысында Дания инвесторының ет өңдеу комбинатын салу жобасы бар. Жобаның құны 22 млн доллар және Қызылорда облысында 128 млн доллар керамика зауытының құрылысы бойынша жоба ұсынылған.

Дәленовтің айтуынша, бүгінде құны 1 миллиард еуродан асатын жобалар пулы жиналған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *