Әзілкеш Нұрболхан Шараповтың Instagram желісі бұзылды

Соңғы кездері бұл әзілкештің басы даудан арылмағаны белгілі. Отандық «Өз ойым» атты ток-шоуда қыздығын сатпақ болған қызды жақтап, аталмыш жобаның жүргізушісі Ләйла Сұлтанқызын даттаған Нұрболханның 850 000 оқырманы бар Instagram желісі істен шыққан.

Өз тойының алдында күтпеген бұл жағадай әзілкешті есенгіретіп тастағаны да рас. Өткен айда белгілі журналист  Ләйла Сұлтанқызы Нұрболхан мен Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа берге болатын. Осы жағдай туралы толық ақпарат берген Бибігүл Дәулетбекқызы: «Бұны біздің дұшпандарымыз істеп отыр. Менің де парақшам өшіп қалуы бек мүмкін. Себебі соңғы кездері құпия таңбама қатысы хабарламалар көп түсуде»,- деп жазған.

Аталмыш жағдайды білу мақсатында Нұрболханның өзіне қоңырау шалып көрдік. Алайда телефоны сөніп тұр. Күні- кеше ғана шаңырақ көтерген әзілкештің қолы босамай жатса керек. Smartnews.kz ұжымы атынан Нұрболхан мен Ақмаржанға тек бақыт тілейміз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *