Елеусінов жеңілмеген америкалық боксшымен күш сынаспақ

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов америкалық Решард Хикспен жекпе-жектің алдында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Smartnews.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Нью-Йоркке, Madison Square Garden-ге, промоутерім Эдди Хирнге және менеджерлеріме «Бокстың Меккесінде» жұдырықтасу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын. Мен сіздерге шеберлігім мен ақылымды жұма күні кешкісін көрсететін боламын. Көріскенше!» — деді Елеусінов. Елеусінов-Хикс жекпе-жегі 14 қыркүйек күні Нью-Йоркте (АҚШ) әйгілі Madison Square Garden аренасында өтеді. Ал Қазақстанда «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады. Басталуы — Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 06:00-де. 25 мамырда өткен бұған дейінгі айқасында Елеусінов алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен чилилік боксшы Луис Нормабуэнаны жеңген еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *