Бейбіт Ыстыбаев әкесіне дүркіретіп той жасады

Еліміздің апайтөс балуаны, «Қазақстан барысы» жобасының бірнеше мәрте жеңімпазы, «Әлем барысы», «Еуразия барысы» сынды мега жобаларда Қазақ елінің намысын жықпаған Бейбіт Ыстыбаев, әкесінің алпыс жас мерей тойы мен ұлы Бексұлтанның сүндеттойын Тараз қаласындағы ең үлкен мейрамханада атып өтті.

Әке көрген оқ жанар демекші, әкесі Абдрахман ағаның абыройын асқақтатқан батыр ұлға барша жұрт разы. Тойға 600 адам жиналған, қонақтар арасында Руслан Әбдіразақов сынды бозкілемдегі қарсыластары мен Ақжүрек Таңатаров сынды батырлар да болды. Қазақстанның бетке ұстар әншілері шақырылған бұл той көптің көкейінде қалатыны анық. Smartnews.kz редакциясы атынан, Қазақ күресінің дарабозы Бейбіт Ыстыбаевтың жанұясына тек бақыт тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *