7-20-25: Бағдарлама аясында 10 482 өтінім мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы аясында  қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды. Бұл жайында ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz тілшісі.

7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша, 201,3 млрд теңге сомаға қарыз алуға 17 804 өтінім қабылданды. Оның ішінде 120,3 млрд теңге сомаға қарыз беруге 10 482 өтінім мақұлданды» делінген Ұлттық банк мәліметінде. Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса «Баспана» ипотекалық ұйымына» тәулік бойы жұмыс істейтін +7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша өтініш бере аласыз. Сонымен бірге ипотекалық ұйымның ресми  интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.   Естеріңізге сала кетсек, «7-20-25» — Қазақстан аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама. Аталмыш құжат ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған бірінші бастаманы іске асыру аясында әзірленген. 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *