Теннисші Елена Рыбакина Наньчан турнирінің екінші турнирін жеңіспен аяқтады

Қазақстандық Елена Рыбакина Қытайдағы Наньчан WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Smartnews.kz тілшісі.

Осы жарыстың төртінші, әлемнің 69-ракеткасы, 20 жасар Е.Рыбакина екінші айналымда рейтингте 176-орында тұрған, жуырда 18-ге толатын қытайлық Синьюй Ванмен кездесті. Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті – 7:6 (7:4). Екінші сетте бірден брейк жасаған Рыбакина алға шықты – 2:0. Содан кейін тағы бір брейкпен есепті 5:1-ге жеткізді. Ақыры өзі доп бергенде, матчқа нүкте қойды – 6:2. Бәсеке 1 сағат 38 минутқа созылды. Осылайша Елена жүлде қоры 250 мыңң АҚШ доллары болатын доданың ширек финалына шықты. Е.Рыбакина турнирдің алтыншы, әлемнің 76-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *