Қазақстан Қытайға экспортты 1,6 млрд долларға арттыруды жоспарлап отыр

 Қазақстан Қытайға экспортты 1,6 млрд долларға ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.

Ведомствода тауар айналымы 60 тауар позициясы бойынша өсуі мүмкін деп түсіндірді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ҚХР Коммерция министрі Чжун Шань өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қазақстандық тарап отандық өнімді Қытайға экспорттауды 1,6 млрд долларға ұлғайта отырып, өзара саудадағы оң трендті нығайтуды ұсынды», — деп түсіндірді Сауда министрлігі.

Министрлікте атап өткендей, Қытаймен сауда айналымының үлесі 2018 жылы Қазақстанның жалпы саудасының 12,3%-ын құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 11,4%-ға өсіп, 11,7 млрд долларды құрады.

«Ағымдағы екі ел арасындағы өзара саудадағы қарқынды өсімді байқап отырмыз. 2019 жылдың жеті айында тауар айналымы 8 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,2%-ға жоғары (6,1 млрд доллар)», — деп атап өтті ведомствода.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *