Кейбір көліктерге салынатын салық алынып тасталмақ

 Ұлттық экономика министрлігінде салық жүйесін жаңғырту үшін ұлттық табысты барынша әділ бөлуге назар аудара отырып, қандай шаралар қабылданатыны туралы айтылды.

Хабарламада айтылғандай, ведомство кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау енгізілгеннен кейін жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша прогрессивті шкаланы енгізу мәселесін қарастыруда.

Бұл құралды ертерек енгізу ресми жалақыны азайту арқылы ЖТС төлеуден жалтару қаупін тудыруы мүмкін.

Ведомстводан атап өткендей, прогрессивті салық салуды тиімді енгізу үшін келесі шарттарды орындау қажет: елде орташа табысы бар сыныптың жоғары және тұрақты үлесінің болуы, әртүрлі көздерден жеке тұлғаның жиынтық кірісін тиімді салықтық әкімшілендіру, халықтың жоғары салықтық мәдениеті және прогрессивті шкаланы халықтың көпшілігі оң қабылдауы.

«Сондай-ақ, қозғалтқыш көлемі 3 мың текше см дейінгі автокөліктерге көлік құралдарына салынатын салықты алып тастау мәселесі қарастырылуда. Бұл шара ұлттық кірісті қайта бөлу тетіктерінің бірі болады деп есептейміз», — деп мәлімдеді министрлікте.

Сондай-ақ, ведомство сыра және сыра сусыны, қыздырылатын темекісі бар өнімдер, никотині бар сұйықтықтар сияқты әлеуметтік зиянды тауарларға акциз ставкаларын ұлғайтуды, сондай-ақ қымбат тұратын алкоголь және темекі өнімдеріне жоғары салық салуды енгізуді ұсынады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *