Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 258 млрд теңге қарыз

2019 жылғы екінші тоқсанының аяғында Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының  жиынтық активтері 302,6 млрд теңгені құрады. Бірінші тоқсанға қатысты активтер 29,3 млрд теңгеге (10,7%) өскен. Осындай ұйымдар берген микрокредиттерге осы кезеңде МҚҰ жиынтық активтерінің 85%-дан астамы келді. Яғни,  нақты 258 млрд теңге берілді. 2019 жылдың екінші тоқсанының соңына қарай олардың үлес салмағы жылына 84,6%-дан 85,3%-ға дейін өсті.

Микроқаржы ұйымдарының ерекшеліктері неде?

Бүгінде, тұрақты жұмысы бары да, жұмысы жоғы да несиеге байланған. Тіпті, ешқандай табысы жоқ студенттерге де қазір шағын несие бере береді. Ұялы телефоннан бастап тұрмыстық техниканың барлық түрі, автокөлік, баспана және ақшалай несиелерге қол жеткізу соншалықты қиын емес. Оның үстіне, қазір еліміздегі екінші деңгейлі банктер түрлі жағдайлармен несиесін төлей алмай жүргендерге біршама жеңілдіктер жасап, борышкерлерді «радикалды» қадамдарға баруына итермелемейді. «Қазақстан Респбуликасының банктер және банк қызметі туралы» заңындағы 36-баптың 1-тармағына сәйкес, егер қарыз алушы келісімшартта көрсетілген мерзімде қарызын төлей алмаса, сол күннен бастап 30 тәулік аралығында банк ескерту жасайды. Яғни, банк алдындағы міндеттемелерді орындамағаны туралы хабардар етеді, несиелік берешекті кешіктірмей төлеу керектігін айтып, кешіктірген әрбір күн үшін қосымша ақша төлейтінін ескертеді. Қарыз алушымен келіссөз жүргізу барысында Банктің жауапты қызметкерлері займды өтеу мерзімінен кешіктірілудің себеп-салдарын анықтап, мерзімінен өтіп кеткен займды төлеудің жоспарларын құрады. Егер де заемшының қаржы жағынан қиындықтары бар болса, мерзімі өткен қарызды өтеудің уақыты анықталады.

Алайда, көптеген жандар қаржылық сауатты төмендігінен, жоғары пайыздарға ұрынып қарызға белшесінен батып жатыр. Жоғарыда келтірілген цифрларға қарайтын болсақ, қазақстандықтардың 2/3-де несие бар. Оның үстіне, елде банк алдындағы қарызын өтей алмай жүргендердің көп екенін де байқауға болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Мәжіліс депутаттарының бастамасымен жүзеге асқан осынау заң жобасы негізінен қарыз алушылардың құқығын қорғауға бағытталған. Заңға сәйкес, берешегі бар азаматтар коллекторлық агенттіктердің үстінен Ұлттық банкке арыздана алады, яғни коллекторлар тарапынан заң өрескел бұзылса ғана. Заңда коллектордың банк клиентіне қай уақытта хабарласуға болатынына дейін көрсетілген. Жалпы, коллекторлық агенттіктер банк пен клиенттің арасындағы медиатордың ролін атқарады. Бұл заң өз кезегінде банктердің де, қарызы бар азаматтардың да құқықтарын толықтай қорғауға мүмкіндік туғызуы тиіс. Дегенмен, «бұл заң қарызы бар азаматтардың сөзін сөйлейді екен» деп банк алдындағы берешегін өтемей жүруге ешқандай мүмкіндік бермейді. Қарызды қайтармаған жағдайда коллекторлар сот арқылы банкке тиесілі қаражатты бәрібір өндіріп алады. Сол үшін «алмақтың да салмағы бар» деген қазақтың нақыл сөзін естен шығармаған жөн.

               Микроқаржы ұйымдары қандай басымдықтарға ие?

Биылғы жылы депозит ашып ақша жинап, қаржылық сауатын ашқан адамдар анағұрлым аз. Керсінше, шағын несие беру ұйымдары кейбір банктердің алдын орап отыр. Микроқаржы ұйымдарының басты басымдылығы «Несие тарихына» мән бермеуінде жатса керек. Себебі екінші деңгейлі банктер несие алушының тарихына баса назар аударса, шағын несие беру ұйымдарына ол маңызды емес.

 Осы жылы тіркелген 167 микроқаржы ұйымдарының Топ-20-на активтердің барлық көлемінің 91,6%-ы немесе 277,3 млрд теңгесі келеді. Елдің Топ-20 МҚҰ активтерінің жиынтық көлемі тоқсан ішінде 28,4 млрд теңгеге ұлғайды, өзге МҚҰ 0,9 млрд теңгеге ғана өсті. Қарап отырсақ, елімізде кредит алуға құлшынатындар әлі де баршылық. Алайда биылғы жылы депозит ашып, несиесінен құтылғандар аз. Егер ел тұрғындары депозитке көңіл бөлсе, қаржылық сауатты болатын еді.

2019 жылғы тамызда қазақстандық банктердегі депозиттердің көлемі 15,24 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3% -ға аз, Оның ішінде елдің резидент еместерінің салымдарын қосқанда, жеке тұлғалардың депозиттері 57,2% немесе 8,72 трлн теңге болды.

Жедел депозиттер бөлшек салымдардың негізгі көлемін құррады — 7,6 трлн теңге. Мерзімді депозиттердің жартысынан астамы теңгемен салымдарға тиесілі — 3,96 трлн теңге. Ұлттық валютадағы мерзімді салымдардағы ұзақ мерзімді активтердің үлесі — 52,8% немесе 2,09 трлн теңге. Бұл қазақстандықтардың әлі де депозиттерді теңде сақтағанды жөндегенін білдіреді. Алайда, көрсеткіш 2,4%-ға азайған, ал жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары бірден 12,2% — ға, 1,87 трлн теңгеге дейін өсті. Халықтың «ұзақ мерзімді» депозиттік қорларын тарту үшін банктер салымшыларға ұзақ мерзімге депозиттер ашуға мүмкіндік береді.

Дегенмен, бизнесте шағын сектордан ға дайындық инвестицияларсыз, кіріс аймағына кіру үшін өз қызметін қайта бастау мүмкіндігі не болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, микроқаржылық ұйымдар бастаманы ойдағыдай ұстап тұр. ХҚҰ-да клиенттердің ағымы едәуір өсті. Сол кезеңде Қазақстан Республикасында халыққа және бизнеске берілген микрокредиттердің мөлшері 50 пайызға өсті. Бұл соңғы бес жылдағы микрокредиттердің қорғанындағы ең қарқынды өсім. Қазақстан экономикасына кредит беру қарқынын жеделдетіп жатқан микроқаржы ұйымдары арасында жоғары болып қалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *