Проблемалық несиелер қоры 220-дан астам мүлікті саудаға шығарды

2019 жылдың қыркүйегінде Проблемалық несиелер қоры 220-дан астам объектіні саудаға шығарады, оның ішінде 125 жер учаскесі, 62 коммерциялық және 35 тұрғын үй нысаны бар, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

«Проблемалық несиелер қоры» АҚ қордың және оның еншілес ұйымдарының 120-дан астам мүлік объектілерін іске асырды.

«Мүлік сатып алынған активтерді экономикалық айналымға қайтару үшін таратылады», — делінген хабарламада.

Қордың сатылатын жер учаскелерін, тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүліктерін заңды тұлғалар да, ел азаматтары да сатып ала алады.

Сатылатын мүлік Қазақстанның барлық аймақтарында, қалаларда да, ауылдық жерлерде де орналасқан. Іске асырылып жатқан объектілердің ең көп саны Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ұсынылған.

Алматы облысында негізінен 0,05-ден 470 га дейінгі әртүрлі көлемдегі 104 жер учаскесі, оның ішінде Талғар ауданында 91 учаске, Қапшағай ауданында 5 учаске сатылады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша көбінесе тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік сатылады. Тұрғын үй портфелі 16 бірліктен тұрады, оның ішінде 6 пәтер Өскемен қаласында, 4 пәтер және 4 үй Семей қаласында. Коммерциялық жылжымайтын мүлік портфелі 15 бірліктен тұрады, оның ішінде 6 нысан Семей қаласында, жалпы ауданы 3161 шаршы метр болатын бұрынғы асхананың ғимаратын қоса алғанда, іргелес 1,1 га жер телімі ұсынылған.

Аймақтар бойынша сатылатын барлық нысандар мен мүлік түрлері туралы толық ақпарат қордың сайтында берілген. Бұл ретте объектілердің базасы өткізілген сауда-саттықтың қорытындылары бойынша және сауда-саттыққа жаңа объектілерді шығару кезінде үнемі жаңартылып отырады.

Мүлік бойынша сауда 24-26 қыркүйек аралығында өтеді. Сауда-саттыққа қатысу үшін қордың сайтында қызығушылық танытатын мүлікті таңдау, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тіркеуден өту, таңдалған объект бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру және кепілдік жарна енгізу қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *