Трамп Солтүстік Кореямен келісімге келуге дайын

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен ядролық қарудан арылу мәселесі бойынша жаңа келіссөз өткізуге әзір екенін хабарлады. Трамп бұл туралы бейсенбі күні Вашингтоннан Балтиморға аттанар алдында журналистерге айтқан. Оның сөзінше, мұндай келіссөз биыл өтуі мүмкін.

Бұған дейін, дүйсенбі күні Солтүстік Корея билігі АҚШ-пен келіссөзді биылғы қыркүйекте қайта жалғастыруға әзір екенін айтқан.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болған Джон Болтонның қызметтен кеткеннен кейін Вашингтон мен Пхеньян арасында биыл ақпанда Вьетнамда өткен саммиттен кейін тоқтап қалған ядролық бағдарлама туралы келіссөзді қайта жалғастыруға мүмкіндік бар. Бірақ Болтонның отставкасына қарамастан, Пхеньянды ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіру Ақ үйге оңайға соқпайды дейді олар.

2018 жылдың маусымынан бері АҚШ президенті мен Солтүстік Корея лидері үш рет кездескен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *