Бір отбасының үш баласын көлік қағып кетті

Әйел үш баласымен бірге жолдың тыйым салынған жерінен өтпек болған.

Алматыда бір отбасының үш баласын көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқыс оқиға Ұлжан шағын ауданындағы №152 мектептің маңында Тәкежанов көшесінде болған. «18 қыркүйекте жедел жәрдем бригадасы 9, 6, 5 жастағы үш баланы жеткізді. Балаларды Ұлжан шағын ауданында көлік қағып кетті. 5 және 6 жастағы балалардың кеуде қуысы органдары соққысы алған. 9 жастағы бала жеңіл жарақат алған. Сондықтан ол амбулаториялық ем алуға үйіне жіберілді. Ал 5 және 6 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды»,– деді қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. Дәрігерлер балалардың жағдайын орташа деп бағалап отыр. Белгілі болғандай, анасы мен балалары жолдың тыйым салынған жерінен өтпек болған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *