Қарттар күніне орай бір реттік төлем беріледі

Мерекеге орай жыл сайын жасы бойынша зейнетке шыққан елордалықтарға бір реттік ақшалай төлем беріледі.

Биылғы жылы бұл сома 6313 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға дейін 2,5 айлық есептік көрсеткіш – 6313 теңге көлемінде төлем төлейді. Аталған төлем жасына байланысты зейнеткерлерге (зейнетақы жасы әйелдер үшін – 58 жас, ерлер үшін – 63 жыл) есептелген. Бұған дейін бұл көмек ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 30 тамыз ҚР Конституциясы күніне орай көрсетілген болатын. Басқарма қызмет ету туралы келісім-шартқа тұрған келесі банктерде шоттары бар зейнеткерлерге ғана аталмыш төлемді кедергісіз жібере алады. Олардың қатарында:  Альфа-Банк, АТФ Банк, Центркредит банкі, Еуразиялық банк, Jýsan Bank (Цеснабанк), Halyk Bank (Халық банк), Нұрбанк, Сбербанк, ForteBank  және Қазпошта бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *