Көкбөрінің мүсінін орнатсақ дейді

Биылғы жаз соңында Алматыда қаланың көркін арттыруға және өзекті мәселелерін шешуге қатысты «Қатысу бюджеті» атты жоба қолға алынған болатын. Содан бергі аралықта тұрғындар тарапынан 326 ұсыныс түскен. Соның 156-сы қолдау тапқан екен.

Жоба бойынша қаланың әр ауданына 500 миллион теңгеден қаралады. Осы қаржы жұмсалатын жобаларды тұрғындардың өздері ұсынып, дауыс беру жолымен іріктейді.

Ұсыныстардың ішінде ескерткіштер де бар. Мысалы, тұрғындар Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысына «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» деген мүсін, ал Тұңғыш Президент саябағына биіктігі тоғыз метрлік (шығыны 74 миллион теңге) көкбөрінің мүсінін орнатуды ұсынған.

Дауыс беруге ұсынылған жобалардың басым бөлігі қаланың абаттандыру, жөндеу жұмыстары, жаңа әлеуметтік нысандарды салу, модульдік әжетханаларды орналастыру сынды өзекті мәселелеріне арналған.

Көкбөрі болса болар, бұл қасиетті аң түркі жұртының қолдаушы пірі емес пе?  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *