WhatsApp күдікті-ау дегендерді өмір бойына бұғаттай бастады

Аталуы күдікті деген топтық чаттағы адамдарды WhatsApp әкімшілігі өмір бойына бұғаттай бастады деп хабарлайды Tengrinews.kz WABetaInfo порталына сілтеме жасап.

Алғашқылардың бірі болып, мысалы, Mowe11 белгісіндегі интернет қолданушы өмір бойына бұғатталған. Оның досы өздерінің университеттегі WhatsApp тобын әзілмен «Балалар порнографиясы» деп өзгерткен екен. Содан барып топтың бүкіл қатысушылары чатпен қош айтысқан. Ал бір мектептің топтық чатында жүрген жүзден аса оқушы да бір-ақ сәтте  WhatsApp-тан сызылып тасталған.

Қара тізімге іліккендер енді телефон нөмірлерін ауыстырып, жаңа чат құрмаса, басқа жолмен WhatsApp-ты маңайлай алмайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *