Қаланы түтінтұман басты

Нью-Дели қаласында дүйсенбі күні түтінтұманның әдеттегіден он есе артқаны тіркелді. Көшедегі жүргіншілер тұншығып, көбі бетперде киюге мәжбүр болды.

Қала төңірегінде егін алқаптарын өртеу салдарынан әрі желдің тұрмауы себебінен қаланы түтін басып қалған. Мұндай жағдай үш жылдан бері болмаған екен.

Қала басшылығы тұрғындардың көлік қозғалысын азайта тұруын және ауаны тұрмыстық, өндірістік себептермен ластамауын ескертіп отыр.

Жиырма миллионнан астам тұрғыны бар Нью-Делидегі бұл ахуал бірнеше күнге созылуы мүмкін делінеді таратылған ақпараттарда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *