Байқоңырдың төбесі тыншымайды

«Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың жобасы әлі ұзақ уақытқа созылатын сыңайлы. Екі ел арасындағы келісімге сәйкес, Қазақстандағы ғарыш айлағын Ресей 2050 жылға дейін жалға алған.

Мұның сыртында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» зымырандық-ғарыштық кешені жұмысының аясында «Гагарин старты» жобасы Ресей президенты В. Путиннің ұсынысымен «Назарбаев старты» атына ауыстырылған болатын. «Назарбаев стартының» ғарышқа алғашқы қадамы 2023 жылы басталып, жоба бойынша 2062 жылға дейін жалғаспақ.

Жобаның аяқ алысы ретінде 2023 жылы «Союз-5» тасығыш зымыранын ұшыру жоспарланған. Бұл жүк зымыраны қолданыстан 2014 жылы алып тасталған ресей-украиндық «Зенит» зымыраның орнына сапараға шығып, жер бетінен 200 шақырымға дейінгі биіктікке 17 тонна жүк тасымалын жүзеге асырады. Ал 2025 жылы «Союз-6» зымыраны көкке көтеріледі.

Бұл жөнінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ресми мәлімдеді.

Серік Алдан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *