Екі тәулік көмулі жатқан нәресте аман қалды

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Барели деген қаласында белгісіз әйел, мүмкін ері мен әйелі, шала туылған нәрестені құмыраға салып, ұүмыраның аузын шүберекпен қымтап, мазардың аумағына 60 сантиметрдей тереңге көміп кеткен екен.

Мазарға келген адамдар жер астынан тұншыға жеткен нәресте даусын естіп қалып, дереу полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Құмыраға салынған нәресте жер астында 48 сағат жатыпты. Шала туылған, салмағы бір-ақ келі тартатын әрі денесі тоңып қалған нәрестені дәрігерлер аман алып қалды. Ол жарық дүниеге келгелі әлі анасының төсін ембеген екен.

Қазір нәресте қыз баланың жағдайы жақсы, емізіктен тамақтандырады. Әупіріммен аман қалған қыз бала енді өзінің асырап алушысын күтеді.

Мадина Нұрлан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *