Полицейлердің дүрліккенін қызықтаймын деп…

Павлодарда сот шешімімен 36 жастағы жергілікті тұрғынның бостандығы екі жылға шектелді. Енді ол екі жыл бойы мекенін ауыстыра алмайды, көңіл көтеретін көпшілік орындарға бармайды, үйінің айналасынан ұзауға рұқсат жоқ әрі есірткіге тәуелділікке қарсы ем қабылдайды. Сонымен қатар сотталушы жылына 100 сағаттан еркінен тыс түрде қара жұмысқа жегіледі.

Бұл азамат Академик Марғұлан көшесіндегі №118 үйде террорлық акті болып жатқаны жөнінде пульт операторының 112 нөміріне телефон соққан. Полиция мен шұғыл қызметтердің жасақтары барып тексергенде хабар жалған болып шыққан.

Іздестірудің нәтижесінде бұрын сотталған 36 жастағы тұрғын ұсталған. Телефон соққан сәтінде есірткіге мас халде болғаны айтылады тексеру қорытындысында.  

Серік Алдан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *