Балалар қуансын деп еді…

Ақтау қаласындағы «Ақбота» саябағына балалар үшін ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері орнатылған болатын.

Арада үш күн өтпей жатып белгісіз адамдар мүсіндерді қолын – қол, бұтын – бұт қылып дал-далын шығарып кеткен. Енді қала әкімдігі мүсіндерді қалпына келтіреді. Ал бейсауат бұзақылардың ұсталуы неғайбыл.

Мұндай жағдай әр жерде кездеседі. Мәселенің шешімін тауып жатқандар да бар. Мысалы, Түркістан облысының Төлеби ауданында әкімдік пен мекемелердің қызметкерлерінің аудан орталығы Ленгер қаласының түнгі көшелерін бақылау кестесі түзілген. Түнде ауық-ауық қаланы көлікпен аралап, айналаны бақылап өтеді.  

Серік Алдан

 Сурет: Aktau Press сайтының Facebook парақшасынан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *