Құны бір жарым миллиондық жылқы жоғалып табылды

Бірер күн бұрынғы қарлы боранда Ақмола облысының Бұланды ауылындағы 60 жастағы тұрғынның төрт бірдей жылқысы қораға таяу жерде тебіндеп жүрген жерінен жоғалды. Өзі таба алмаған соң әлгі кісі полицияның көмегіне жүгінген.

Төрт жылқының ішіндегі біреуі құны 1,5 миллион теңге тұратын асыл тұқымды жануар екен.

Жылқылар ұзағыраққа ықтап кеткен болып шықты. Елу шақырымдай қашыққа ұзап шыққан полицейлер жылқылдарды Бурабай ауданының Шиелі ауылының маңынан тапты. Арасында әлгі асыл тұқымды жылқы да аман-есен бар екен. Тек әзірге төрт жылқының біреуі табылмай тұр.

Серік Алдан

Сурет: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *