Мәскеу маңындағы поселкелер қаңырап бос қалуда

Мәскәудің айналасындағы поселкелердің бірсыпырасы қаңырап бос қалуда. Жылжымайтын мүлікпен айналысушы сарапшылардың пайымдауынша, осы күні жүзге тарта поселке ешкімге керексіз күйде. Соның үштен бірінің босап қалғанына бес жылдан асты, енді олардың қайта жаңғыруы екіталай.  

Мәскеуден елу шақырым қашықтағы поселкелерде адам қалмады десе де болғандай. Ал қалаға таяу маңдағы елді мекендердің тұрғындары арасында да үй-жайларын құлыптап кетіп, жыл бойы келмейтіндер аз емес.

Жалпы есеп бойынша, Мәскеу айналасындағы поселкелердің жартысының болашағы жоқ. Олар жойылып кету қаупінің алдында тұр, себебі поселкелер жартылай бос қалған. Сарапшылар көп ұзамай әрбір он поселкенің сегізі құрып кетуі мүмкін екенін айтады.

Мұндағы басты себеп – тұрғындардың қалаға қарай ағылуы болса керек.

Мадина Нұрлан

Сурет ашық көздерден алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *