Ауғанстанда алты қазақстандық ұсталды

Ауғанстанда алты қазақстандық ұсталды

Ауғанстанда  алты қазақстандық террорлық ұйымның мүшесі деген күдікпен ұсталды дейді КазТАГ ХАА сол елдегі Bakhtar ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Оларды ұлттық қауіпсіздіктің жергілікті басқармасының қызметкерлері Нимруз провинциясы аумағында қолға түсірген.

Хабарда ұлттық қауіпсіздік басқармасы баспасөз қазметінің «ұсталғандардың бірі көрсетпе бере бастады» деген ақпараты да келтірілген.

Лақап аты Абдулла деп айтылатын Қазақстан тумасы Павелды жұбайымен және үш баласымен ұлттық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Нимруз провинциясының орталығы Зарадж қаласында тұтқындаған. Павел террорлық ИГИЛ террорлық ұйымына үш жылдан аса уақыт бұрын мүше болып енгенін, содан бері елдің шығыс жағындағы Нангархар деген провинцияда террорлық әрекетпен айналысып келгенін мойындағаны жайлы айтылады таратылған ақпаратта.  

Серік Алданов

Сурет ашық көздерден алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *